ӨМІРІ — ӨНЕГЕ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Буденное ауылында Социалистік Еңбек Ері Василий Петрович Химич атындағы жеке тектік қордың тұсаукесері болды.

Шараға еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Аудандық мұрағаттың директоры Марат Беспалинов шараның мән-маңызына тоқталып, жастар аға ұрпақтың ерең еңбегін ұмытпауы тиіс екенін жеткізді. Украинадан Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келген балаң жігіт жүргізуші, тракторшы, комбайншы ретінде еңбек майданында шыңдалғаны айтылды. Ауыл шаруашылығы саласында білек сыбана жұмыс істеген кезеңдерге де шолу жасалып, аға ұрпақ өткен күндерді сағына еске алды. Әсіресе, марқұм Василий Химичтің ел үшін сіңірген еселі еңбегі ерекше сөз болды. Буденный орта мектебінің директоры Зиляра Баянова ауылдың қазіргі атауы Еңбек ерінің ұсынысымен қойылғанын жеткізді.

Қорға оның құжаттары мен суреттері табысталған. Олар аудандық мұрағат қорында сақталатын болады. Шара барысында қатысушылар Василий Химичтің өмірінен сыр шертер бейнероликті тамашалады. Ал артында қалған ұрпағы ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізсе, шақырылған қонақтар өз естеліктерімен бөлісті.

Гүлбаршын САТЫБАЛДИНА.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.