АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Ақжар ауданының Қулыкөл ауылында шайбалы хоккейден ауған соғысына қатысушыларды еске алуға арналған аудандық турнир өтті.

Шараға шақырылған ауған соғысының ардагерлері, жерлестеріміз Марат Алин, Ержан Фазылов, Мұратбек Мұхамедиев спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирге Талшық, Қызылту, Горьковское және Қулыкөл ауылдарының спортшылары қатысты. Тартысты сайыс нәтижесінде бірінші орынды Қулыкөл командасы жеңіп алса, Горьковское командасы – екінші, Талшық ауылының командасы үшінші орынға табан тіреді.

Осы шараны өткізуге демеуші болған “Дамир” фермерлік қожалығының жетекшісі Рүстем Мұхамедиев жеңімпаздарды медальдармен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Бас жүлде – 30 мың теңге. Сонымен қатар ойынның үздік қақпашысы, қорғаушысы мен шабуылшысы анықталып, сәйкесінше Тілек Кәрібай, Қамат Жағыпаров және Эдуард Якупеняға да ақшалай сыйлық берілді. Ауған соғысының ардагерлеріне де естелік сыйлықтар тарту етілді. Хоккей жанкүйерлері ойыннан жақсы әсер алып қайтты.

Елімізден ауған соғысына 22 мыңнан астам адам қатысып, 924 жауынгер қаза тапқан. 1015-і мүгедек болып оралса, 21-і хабар-ошарсыз кетті. Ал біздің ауданнан бұл соғысқа 19 жерлесіміз қатысып, оның екеуі мерт болды.

Мақпал НҰРМАҒАНОВА,

Қали Хадесұлы атындағы

Жаңаауыл орта мектебі

директорының орынбасары.

Ақжар ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.