АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ

Еліміз бойынша жыл сайын жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың салдарынан күдіктілердің әрбір бесіншісі бас бостандығынан айрылып, түзету мекемелерінде жазасын өтейді. Жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыстардың көбі – ұрлық, тонау, бұзақылық. Мұндай қылмыстар көп жағдайда топпен жасалады. Облыстық жасөспірімдерді бейімдеу орталығында №4, №24, №40 орта мектептердің оқушыларының қатысуымен өткен шара барысында осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді.

Әлеуметтік педагог Мария Тұрғымбаеваның “Жасөспірімдер бақылаусыздығының, панасыздығының және құқық бұзушылығының алдын алу” тақырыбына өткізген интерактивті ойын сабағы барысында оқушылар құқық бұзушылыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Балаларға бейнеқойылымдар көрсетілді. “Оңбағандар” фильмінен үзінді көрген балалар оның кейіпкерлерінің ісәрекеттеріне өз бағаларын берді. Олар қоғамдағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын заңсыздықтармен күресу үшін жастардың әлеуметтік мәдениетін көтеру қажеттігін алға тартты. Оқушылар: “Адамдардың бәрі жақсы. Оларды жаман ететін өздерінің нашар қылықтары”, – деген ортақ тұжырымға келді.

Райхан ЕРТАЕВА,

облыстық жасөспірімдерді бейімдеу орталығы директорының орынбасары.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика