АҚЖАННЫҢ АРМАНЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың басын біріктіріп қана қоймай, ортақ мәселені шешуді мақсат еткен ұжымдардың бірі – “Ардос-Жүрек” мүгедектер бірлестігі.

Оның директоры Ақжан Кәрім Алматы қаласында өткен байқауда өз жобасын қорғап, жүлделі оралды. Ақжан “Менің қолымнан келеді” атты жұмысын таныстырды. Заман талабына сай болуға ұмтылған оның еңбегі жоғары бағаланып, үздік бестіктің қатарына еніп, нәтижесінде жерлесіміз 1 миллион теңге сыйақы алды.

– Облыс орталығында мүгедек жандарды инклюзивті оқытатын орталық ашқым келеді. Онда кембағал адамдар IT-технологияны меңгереді. Сабақтар жаңа әдістеме бойынша жүргізіледі. Осындай қадам арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолынан көп нәрсе келетінін көрсеткім келеді, – дейді Ақжан.

Инклюзивті оқыту бес ай көлемінде 4 бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде оқуға талпынысы бар кемтар жандарға компьютердің қыр-сыры үйретіледі. Содан кейін интернет-дүкен ашу, тауарларға жарнама жасау, есепші маманның жұмысын үйрету сияқты жан-жақты жүйелі жұмыстар жүзеге асырылмақ.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика