ДӘНЕКЕРЛЕУШІ АЙБЕК

Газбен және электрмен дәнекерлеуші Айбек Қожықов – Петропавл қаласындағы “Стронг сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің беткеұстар жұмысшыларының бірі.

Жиырма жылға жуық өтілі бар еңбек адамы соңғы кездері осы кәсіпорынның металл өндіру цехында табысты еңбек етуде. Үйренуге, ізденуге талпынысы мол тәжірибелі маман металл өндірісі саласында бәсекелестік ортаның болғанын ұнатады.

– Жұмысым ізденіске толы. Ондай кезде жұмысқа деген құлшынысым да арта түседі. Зауыттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жасалған әртүрлі бұйымдарымыз тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие. Себебі, тұрғындар мен мекеме-ұйымдарға терезе торлары, сәнді, өрнекті қақпалар мен темір есіктер қажет. Ең бастысы, жұмысымыз лайықты бағаланады, – дейді төртінші разрядты дәнекерлеуші.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика