ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін салық жүктемесін азайту туралы ұсыныс қазіргі таңда тұрғындар тарапынан қызу талқылануда.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан еді. Қазақстандықтардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында Елбасы бес әлеуметтік бастаманы іске асыруды тапсырды. Енді 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін салық жүктемесі он есеге азайып, бір пайыз мөлшерінде салынатын болады. Осылайша, салық жүктемесін жеңілдетудің нәтижесінде азаматтардың жалақысы көбеймек. Экономикалық бәсекелестікте бұл Қазақстан үшін оңтайлы шешім деп ойлаймын. Қазақстан Президенті сындарлы саясатының арқасында тығырықтан шығар жол тауып, қайткенде де халықтың әл-ауқатын көтеруге күш салуда. Әсіресе, жалақысы төмен адамдарға Елбасы тарапынан жасалған ерекше қамқорлық екенін атап өткен жөн.

Шағын несие беруді көбейту туралы айтылған ұсыныс та көңілден шықты. Төртінші бастамада аталған жеңілдетілген шағын несие беру мәселесі көптеген кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруға оң ықпал етері сөзсіз. Елімізде ғана емес, облыста та кәсіпкерлердің саны артып, несие беру шартына бірқатар өзгерістер енгізілмек. Өткен жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңгені құрайтын 7200 шағын несие берілсе, биыл қосымша 20 миллиард теңге бөлінбек. Нәтижесінде шағын несиеге қол жеткізетіндердің саны екі есе артатын болады. Бұл бастама – біздің өңірдегі кәсіпкерлер үшін де зор мүмкіндік. Мыңдаған адам кәсіп ашып, ойлаған армандарын жүзеге асыратынына сенім бар. Бизнестегі сәтті қадаммен елдің экономикасы, халықтың жайлы тұрмысы қамтамасыз етілмек. Қалада ғана емес, ауыл-аймақта да кәсіпкерліктің ауқымы кеңейеді. Бұл – жұмыс істеуге ынталы азаматтар үшін жақсы бастама.

Төлеген ҚАБДӨШЕВ,

облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика