ТҮЛЕКТЕРГЕ ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

Қазақстанда техникалық бағыттағы мамандарға сұраныс артып отыр. Мен биыл дарынды балаларға мамандандырылған облыстық “ЛОРД” мектеп-лицей-интернатын бітіремін. Алдағы мақсатым – Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірінде білім алу. Сондықтан жоғары білім беру жүйесіне қатысты жаңалықтарға құлағым түрік.

Биылғы жылы мектеп бітіретін мен сияқты түлектерді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту туралы айтқан Үндеуі қызықтырды. Атап айтсақ, 2018-2019 оқу жылында бұрынғы 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінетіндігі қуантып отыр. Соның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға бөлінбек.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы кемінде 75 мың орынды қамтитын жаңа студенттік жатақханалар салуды бастау жөнінде тапсырма берді. Бұл Елбасы түлектердің қандай білім алатынына ғана емес, сонымен қатар олардың қандай жағдайда оқитынына да алаңдаулы екенін аңғартады. Осылайша, жаңа бастама өздерінің болашақтарын Қазақстанмен байланыстырғысы келетін еліміздің барша түлектеріне жол ашып отыр. Еліміздің әлемдік кеңістікте одан әрі дамуы мен қалыптасуы үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар қажет.

Юлия АГАБАБЯН,

“ЛОРД” мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика