АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Бір кездері баспанаға қол жеткізу арман болатын. Ал бүгінгі таңда Елбасының сындарлы саясаты арқасында халық баспаналы болу үшін барлық жағдай жасалуда.

Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты халыққа Үндеуі жарияланды. Бұл құнды құжатта Мемлекет басшысы әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға ден қойған. Сонымен қатар шағын несие көлемін көбейтіп, елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру мәселелеріне тоқталып өткен. Халықтың көңілінен шыққан және бірауыздан қолдауына ие болған ауқымды әлеуметтік жобалардың мәні де, маңызы да зор.

Тұрмыс-тіршілікті одан сайын жақсарта түсуге бағытталған бес негізгі бастаманың бірі “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталады. Сөз жоқ, бұл игі бастама мыңдаған жанның көңілін жадыратып, “үй алсам” деген үкілеген үміттеріне қанат бітірді. Өйткені, әрбір жас шаңырақ көтеріп, ұл-қыздарын өз үйінде өсіруді мақсат етеді. Ешкім де жылдар бойы қаражат жинап, “жетім бұрыш” жалдап, әркімнің қас-қабағына қарағанды қаламайды. Және бұлай болмайды да. Өйткені, біздің тәуелсіз елімізде әр азаматқа лайықты өмір сүру үшін барлық жағдай бар. Осындай тамаша мүмкіндіктің бірі – Елбасы ұсынып отырған “7 – 20 – 25” бағдарламасы. Жұмыс істейтін әрбір адамның несиеге пәтер сатып алуға мүмкіндігі бар. Несиенің үстемеақысы жеті пайыздан аспауы тиіс. Бастаманың тағы бір тиімді жағы – үй құнының бастапқы жарнасының 20 пайыз мөлшерінен аспауы. Алдағы уақытта бағдарлама жүзеге асып, миллиондаған қазақстандық өз үйіне қол жеткізсе, бұл да бір ғанибет емес пе?!

Мақпал АЙМАҒАНБЕТОВА,

Айыртау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің меңгерушісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика