ЕҢБЕК – ТҮЗЕУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарды тәрбиелеу және түзеудің тиімді жолдарының бірі – оларға кәсіптік білім беріп, еңбекпен қамту.

2017-2018 оқу жылында сотталғандарға кәсіптік білім беру мақсатында “ЕС-164/6” мекемесінде тегін кәсіп игерту қарастырылған болатын. Ондағы курсты тамамдаған азаматтарға біліктілігі және разряды белгіленген мемлекеттік үлгідегі диплом табысталады. Оқу жылының басынан бері “Тігінші” және “Іргетас қалаушы” мамандықтары бойынша әрқайсысы 25 сотталғаннан тұратын екі топ құрылды. Кәсіптік білім алғаннан кейін олар жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болады. Ал диплом алғандар бостандыққа шыққаннан кейін де меңгерген кәсібі бойынша жұмысқа тұра алады.

Еңбекпен қамтамасыз етілген сотталғандардың санын көбейту ісінде жеке кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнату маңызды. Мекеме аумағында 45 жұмыс орны бар “Щеголев” жеке кәсіпкерлігінің үш тоқу цехы жұмыс істейді. Былтыр балалар киімін, төсек-орын мен көйлектер тігетін “Агисов” жеке кәсіпкерлігінде 3 сотталған жұмыс істесе, “Логинова И.А.” тігін цехы – 5, “Щеголев Е.С.” тігін цехы 33 сотталғанды еңбекпен қамтамасыз етті. Олар жазғы және қысқы аңшылық киімдерін, супермаркеттегі сатушыларға арналған формаларды тігеді. Ал 16 сотталған “Еңбек-Қызылжар” кәсіпорнының филиалында еңбек етуде.

Сотталғандар жұмысқа орналасып, сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтейді. Мекемеде бүгінгі күні 119 орындау қағазы бар 49 сотталған жазасын өтеп жатыр.

Ерлан МҰРЗАТАЕВ,

“ЕС-164/6” республикалық мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика