ТАҒЫЛЫМЫ ЗОР ҚОЙЫЛЫМ

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры көп жылдардан бері ЕС-164/3 мекемесіне түрлі жанрдағы қойылымдармен келіп, сотталғандардың түзелуіне үлестерін қосып жүр.

Жуырда театр жазасын өтеп жатқандарға кезекті спектаклін ұсынды. “Французша гарнир” атты қойылымның оқиға желісі комедияға негізделгенімен, кейіпкерлер тап болған қисынсыз жағдайлар жалған өмір сүруге болмайтынына меңзеп, көрерменге терең ой салды. Көрермендер спектакльдің негізгі идеясы мен актерлердің тамаша ойынынан ерекше әсер алғанын да айтып өткен жөн.

Асқар ӘБІЛЕВ,

“ЕС-164/3 мекемесi” РММ бастығының орынбасары, әділет майоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика