КӨМЕКТЕСУ — ИГІ ІС

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мемлекеттік қызмет органдарының жиырма жылдығына орай “20 игі іс” қайырымдылық акциясын бастады.

Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге көмек көрсетіп, көшелерді көгалдандыру ісіне қатысуды жоспарлап отырмыз. Алғашқы қайырымдылық шарасын көпбалалы Баймолдиндер мен Щукиндер отбасынан бастадық. Бұл екі отбасында да төрт кішкентай баланы жалғызбасты аналары тәрбиелеп отыр. Мемлекеттік басқару академиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, екі үйге азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, дәрі-дәрмек пен кеңсе тауарларын тарту еттік.

Жақсы көңіл-күй сыйлау – бұл әрқайсымыздың қолымыздан келетін іс. Ал “20 игі іс” қайырымдылық шарасы көмекті қажет ететін азаматтарымыздың әл-ауқатын сәл де болса жақсартуға қосқан үлесіміз.

Департаменттің қайырымдылық шарасы қыркүйек айына дейін үзбей жүргізілетін болады.

Индира БӘЖЕНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика