БАСПАНА БЕРІЛДІ

Өткен сенбі күні облыс орталығында екі қабатты сегіз пәтерлік тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түскені жайлы хабарлаған болатынбыз. Дүйсенбі күні қалалық әкімдікте тұрғын үй коммиссиясының отырысы өтіп, оқыс оқиғаның кесірінен баспанасынан айырылған екі отбасына пәтер, үшіншісіне жатақханадан бөлме берілді.

Төрт жыл бұрын апаттық деп танылған үйде тұрып келген үш отбасы апаттан кейін барар жері, басар тауы жоқтығын айтып, көмек сұраған. Екі отбасы осыған дейін тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған тұрғындардың кезегіне тұрған екен. Сондықтан оларға “Береке” шағынауданы және Мир көшесінің бойынан екі бөлмелі пәтер берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезектері жеткенге дейін олар осы пәтерлерде тұрады. Мәселен, “Береке” шағынауданынан пәтер алған Алета Сычева онда күйеуімен және үш баласымен тұрады. Апаттық жағдайдағы пәтер иесі ретінде кезекте 89-ыншы болып тұрған ол шамамен екі жыл ішінде баспанаға қол жеткізеді.

– Ал үшінші пәтер онда тұрып келген Рыжковтар отбасына тиесілі емес әрі олар баспана кезегінде де жоқ. Құжаттарын ретке келтірмейінше, оларға пәтер бере алмаймыз. Сондықтан отбасын уақытша жатақхана бөлмесіне орналастыру жайлы шешім қабылданды, – деді Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Бейсенбаев.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика