ЕҢБЕК — КЕДЕЙЛІКТІ ЖЕҢБЕК

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында табысы төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің (бұдан әрі – АӘК) жаңа форматы енгізілді.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақы, яғни азаматтардың табысына қарамастан, республикалық бюджеттен тағайындалатын арнаулы жәрдемақы, отбасылардың табысына қарай анықталатын және жергілікті бюджеттен төленетін балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмек біріктіріліп, бір атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілетін болады.

Үстіміздегі жылы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетудің әдісі өзгерді. Мұның негізінде бірегей жәрдемақы тағайындалып, отбасының кедейліктен құтылу жоспары әзірленетін болады. Ол мемлекет пен өтініш иесінің атсалысуымен іске асырылады. Жаңа форматтағы АӘК-ге отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 50 пайызынан кем барлық отбасылар үміткер бола алады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек: шартты және шартсыз ақшалай көмек ретінде екі түрге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек объективті (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектігі және өзге де әлеуметтік жағдайы) себептер бойынша өзін жұмыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға көрсетіледі. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан (кәсіптік даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, жұмысқа орналастыру) жағдайда еңбек етуге жарамды аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек түрінде қолдау көрсетіледі. Ол еңбек етуге ынталандыратын болады.

Мемлекет АӘК алушыларға тек ақшалай ғана емес, бизнес жүргізу, қажетті дағдыларға үйрету, қажет болған жағдайда психологиялық, медициналық және өзге де қолдау көрсетуге дайын. Оған жаңа нысандағы АӘК көрсету процесіне әлеуметтік қорғау ұйымдары ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен өзге де қызметтер қосылады.

АӘК алушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жаңа әдістерге сәйкес жасалған әлеуметтік шарт бойынша міндеттерді орындаудан бас тартқан жағдайда отбасының еңбек жасындағы мүшелеріне – АӘК алушыларға санкциялар қарастырылған, яғни әлеуметтік шартты орындауға байланысты ақшалай көмек 50 пайызға (бірінші рет бас тартқан кезде) кемітіледі немесе (қайтадан бас тартқан жағдайда) тоқтатылады. Дей тұрғанмен, аз қамтамасыз етілген еңбек жасындағы отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы/қатыспауына қарамастан, 7 жасқа дейінгі бала күтетін аналарға және балаларға әлеуметтік қолдау (АӘК) толық көлемде сақталады.

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі ауылдық жерде тұратындықтан, аз қамтылған отбасылардың жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, атап айтқанда, ұсақ және ірі қара, шошқа, құс сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі қарастырылған.

Жаңа форматтағы АӘК үміткерлері әлеуметтік қолдау шаралары туралы қажетті ақпаратты тұрғылықты жерлері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарынан ала алады. Ауылдық округ әкімдерінің көмегіне де жүгінуге болады.

Марина МАРКОВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика