ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘСІЛІ

Петропавл қаласындағы балалар үйінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Монтессори бөлмесі ашылды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту ісін тәжірибемен ұштастырар бөлменің ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев қатысты.

– Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ашылған кабинетте балалармен жұмыс жүргізуге барлық жағдай жасалған. Әрбір баланың өзіндік қабілеті бар. Соны дер кезінде анықтап, дамыту қажет. Балалар үйіндегі бұл бөлме толық жабдықталған. Өз тарапымыздан мұндай жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Тимур Сламжанұлы.

Монтессори әдісі балғындардың зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамытады. Бүгіндері балалар үйінде 32 бала тәрбиеленуде. Логопед, психолог, хореограф, дене шынықтыру мамандары балалардың тұрмыстық-әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға көмектесіп қана қоймай, оларды мектепке даярлайды.

Мекеме директоры Лилия Мұхаметжанованың айтуынша, Монтессори бөл­ме­сі сөйлеу кемістігі бар балалардың жетілуіне де мүмкіндік бермек. Жал­пы құны екі миллион теңгені құ­рай­­тын заманауи әдістемелік құрылғы­ларды Ресейдің Омбы қаласынан арнайы тапсырыспен алдырыпты.

– Монтессори кабинетінде бала қалаған істі өзі таңдайды. Ойын арқылы ойлау қабілетін, саусақтарының моторикасын дамытады, үй тұрмысындағы еңбекке үйренеді. Мәселен, шарларды арнайы ұяшыққа санап сала отырып, ептілік пен логикаға жаттықса, ойыншықтар арқылы киім үтіктеуге, тамақ дайындауға машықтанады. Кабинеттің ашылуына ұжым қызметкерлері ғана емес, ата-аналар да қуанышты, – дейді Лилия Мұхаметжанова.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика