ҚУАНТСАҢ, БАЛАНЫ КУАНТ

“Империал” такси қызметі тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан 25 балаға ерекше сыйлық жасады. Кішкентай бүлдіршіндер әдемі түстермен боялған “темір тұлпарлармен” қала ішін аралап, ұмытылмас әсер алды.

Қайырымдылық шарасы аясында ұйымдастырушылар балаларды алдымен “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешеніне алып барды. Бұл жерде кішкентай қонақтарды жылышыраймен қарсы алған қызметкерлер олармен тарихи-танымдық әңгімелер өткізіп, ұлттық құндылықтармен таныстырды. Содан кейін тегін такси балаларды “Семейный”, “City Mall”, “Мадагаскар” ойын-сауық орталықтарына апарды. Көтеріңкі көңіл-күйге бөленген ұл-қыздар роботтар мен трансформерлер көрмесін тамашалап, түрлі ойындар ойнады. Соңында балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика