ЗЕЙНЕТАҚЫМ КӨБЕЙЕ МЕ?

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап “Зейнетақы мен қамсыздандыру туралы” заңға өзгерістер енгізілетінін естіп, қуанып қалдым. Мен көпбалалы анамын. Бес баланың тәрбиесімен айналысқандықтан, жұмыс істеуге мүмкіндігім болмады. Мен базалық зейнетақыны ала аламын ба?

Айгүл МЕЙРАМОВА.

Ақжар ауданы.

Бұл сұрақтарға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева жауап берді:

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылғандай, 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есеге ұлғаяды. Зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтарға мемлекет бюджеттен төленіп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады.

Базалық зейнетақы еңбек өтілі болмаған жағдайда да тағайындалады. Жұмыс істемейтін көпбалалы әйелдердің бала күтіміне жұмсаған уақыты, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт базалық зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынады. Бұл жағдайда еңбек өтілі 12 жылды құрайды және базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 58 пайызы мөлшерінде тағайындалатын болады.

Әр адамның зейнетақысы автоматты түрде белгіленетінін атап айтқым келеді. Мекемелерге арнайы барып, құжат өткізудің қажеті жоқ. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 маусымға дейінгі кезеңде міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүргізілмеген жағдайда, жұмыс істемейтін ананың 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттарды, жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды бағып-күту фактісін және кезеңін растайтын сот шешімін, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күту фактісін және кезеңін растайтын сот шешімін, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңін растайтын сот шешімінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын қосымша құжат ретінде ұсынуға болады.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика