АНА ДА, СӘБИ ДЕ РИЗА

Петропавл қаласындағы “Ана үйі” осыдан төрт жыл бұрын ашылған еді. Өмірде қиын жағдайға тап болған жас аналарға қолдау көрсету, қоғамда жетімдер санын азайту мақсатында ашылған мекеменің қызметкерлері әр анаға қол ұшын беріп, жан-жақты қолдау көрсетеді.

Барар жері, басар тауы қалмаған соң, осы жерге келген әйелдер үшін тігінші, компьютер маманы, аспаз сияқты қосымша білім беру жағы да қарастырылған.

Тағдырлары ұқсас жас аналар Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу өткізді. Ұстаз Әдия Уәлиева бала тәрбиесі және ата-ананың қоғамдағы рөлі жайында тағылымы мол әңгімелер айтты. Ал психолог маман Сәндігүл Байдашева жас аналарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Емен-жарқын әңгімемен өрбіген кездесу соңында қонақтар “Ана үйінің” ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, сәбилерге арналған сыйлықтарын үлестірді.

Меруерт КӨШЕМБАЕВА,

“Ана үйі” қоғамдық қорының үйлестірушісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика