БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ісінде, адамгершілікке баулуда, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда ата-аналармен бірге балабақшаның да алар орны ерекше.

Петропавл қаласының “Алтын бесік” балабақшасының ұжымы заманауи және стандарттан тыс әдістерді қолдана білетін білімді де білікті тәрбиешілерден құралған. Оған балаларымыз осы мекеме табалдырығын аттаған күндерден бастап көзіміз жетті. Ұжымды жоғары санатты педагог Мәдина Дарбаева басқарады. Тәжірибелі жетекшінің тәрбиешілермен, ата-аналармен оңай тіл табысуының және кішкентай болса да, тәрбиеленушілер алдына белгілі бір талаптар қоя білуінің арқасында, бұл балалар мекені көптеген нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Ментальды арифметика, робототехника, шахмат үйірмелері, аква және гидропоника технологиясы, Монтессори әдісі мен жолда жүру ережелерін үйрету бойынша интерактивті қалашықтағы сабақтар – кез келген балабақшаның бағдарламасынан табыла бермейтін жобалар.

Мұнда балақайлардың эстетикалық тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. Небәрі 3-6 жастағы балалар облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып та үлгерді. Атап айтсақ, олар республикалық робототехника және Омбы қаласында өткізілген “РОБОФЕСТ” байқауларында, халықаралық “Деталька” сайысында жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сол сияқты “Дарындар әлемі” халықаралық фестивалінде кішкентай бишілеріміз бен әншілеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. “Көркемөнер сөзі” аталымы бойынша бірінші орынға ие болды. Балаларымыздың бұл табыстары – тәрбиешілердің ауқымды жұмысының нәтижесі. Әсіресе, тоғызыншы топ тәрбиешілері Үміт Қаңтарбаева мен Бағымжан Қайроллинаға айтар алғысымыз шексіз. Жүздерінен мейірім төгілген, жұмысына жан-тәнімен берілген жандар бүлдіршіндерді жетістіктерге жетелеп келеді. Бақытты балалардың мекені алдағы уақытта бұдан да бетер биіктерге жетеді деп сенеміз.

“Алтын бесік”

балабақшасындағы 9-шы топтың ата-аналары.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика