БАСПАНА БАҚЫТЫ

Мен Петропавл қаласындағы Уральская көшесінде орналасқан екі-қабатты ескі үйде тұрдым. Көне ғимарат осыдан төрт жыл бұрын апаттық жағдайда деп танылған еді. Басқа барар жер, басар тауымыз болмаған соң, сол үйде тұра бердік. Осыдан он шақты күн бұрын үйдің бір қабырғасы құлап қалды. Жағдайдан хабардар болған жергілікті билік өкілдері дер кезінде келіп, мәселенің мән-жайымен танысып, арамыздағы жалғыз қарияны уақытша баспанаға орналастырған болатын. Біз балаларымызды ауылға жіберіп, өзіміз туыстарымыздың үйін паналадық.

Осыдан бірнеше күн бұрын Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды қабылдап, олардың өтініштілектерін тыңдады. Қабылдауға мен де барып, өңір басшысына жағдайымды жеткіздім. Құмар Іргебайұлы бұл мәселе назарда екенін айтып, жауапты адамдарға бір аптаның ішінде шешуді тапсырды. Арада үш күн өткенде қалалық әкімдіктен хабарласып, жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Қуанышымызда шек жоқ. Баспанамыз кең және жарық. Жаңа үйге көшкенімізге балаларымыз да дән риза. Басымызға қиындық түскен кезде шұғыл шешім қабылдап, дер кезінде көмек қолын созған жергілікті билік өкілдеріне алғыс айтамын.

Гүлжан ІЛИЯСОВА.

Петропавл қаласының тұрғыны.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика