ЖӘРДЕМІ КӨП ЖӘРМЕҢКЕ

Айыртау ауданына қарасты Арықбалық ауылында жергілікті және аймақтық мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындар үшін мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 100-ден астам адамға ақпарат беріліп, көмек көрсетілді. Жұмысқа орналасу, жәрдемақы тағайындау, науқас жандарды сауықтыру, құрылыс мәселелеріне қатысты тұрғындар мамандарға толғандырған сауалдарын қойды. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері “Электронды үкімет” порталында жұмыс дағдысына үйретіп, 33 адамға электрондық-сандық қолтаңба берді.

Шара барысында жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер салаларына қатысты ақпараттық материалдар таратылды. Жәрмеңкеде жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі де назардан тыс қалмады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика