ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қарсаңында және “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің мемлекетіміздің жарқын болашағын құруға атсалысқан, сол жолда аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, қалыптасқан дәстүр бойынша қарттар мен мүгедектерге материалдық жағынан көмектесуге арналған қайырымдылық шараларына облыс тұрғындарын белсене қатысуға шақырамыз.

Қарттарға деген қамқорлықты еш уақытта санамыздан шығармауымыз керек. Оларды өмірдің осы бір белесінде демеп, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Қарттар күні біз оларға бар ынта-ықыласымызбен қамқорлық жасауға тиістіміз, бұл – құрметтің ең үлкені.

Барша солтүстікқазақстандықтарды үстіміздегі жылдың 15 қыркүйек күні өтетін қайырымдылық сенбілігіне шығып,1 қазан – 1 қараша аралығында өтетін қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығынан тыс қалмауға шақырамыз.

Сенбіліктен түскен біркүндік табыс мөлшеріндегі қаражат төмендегідей бөлінеді:

– қаражаттың 50 пайызы еңбек ұжымдарындағы зейнеткерлер мен ардагерлерге құрмет көрсетуге қалдырылады;

– қаражаттың қалған 50 пайызы ардагерлер кеңесінің есепшотына аударылады.

Еңбек ұжымдарының өз зейнеткерлері болмаған жағдайда қаражат толығымен ардагерлер кеңесіне аударылуы тиіс.

Қарт адамдар мен мүгедектерге қолдау көрсетілетін жалпыхалықтық акцияға белсенді қатысатындарыңызға сенімдіміз және алдын ала алғысымызды білдіреміз. Оның ұйымшылдықпен өтуі сіздердің осы шараға қатысты көзқарастарыңызға, белсенділіктеріңізге байланысты болмақ.

Ұйымдастыру комитеті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика