ОТАН ҚОРҒАУ — ҚАСИЕТТІ БОРЫШ

 

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының алдындағы алаңда бозбалаларды әскерге шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

Жан-жақты тексеруден өткен болашақ сарбаздар легі Отан алдындағы борышын Семей қаласындағы №28738 әскери бөлімінде өтейді. Шарада аталмыш бөлімнің әскер қызметінің бастығы, подполковник Дулат Ахметханов және Ауған соғысының ардагері Жоламан Мұхамеджанов жігіттерге міндеттерін мүлтіксіз орындауды тапсырып, сәттілік тіледі.

Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы Жандос Жаманбалиновтың айтуынша, биыл күзгі әскерге шақыру науқанында Қызылжар өңірінен 600-ден астам бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бүгінгі таңда 170 солтүстікқазақстандық Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара және Мемлекеттік күзет қызметтерінде, Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеп жатыр.

Отан алдындағы борышты өтеу абырой екенін жақсы білетін жігіттердің әскери істі үйренуге деген ынтасы зор. Солардың бірі Аманбек Қуаныш әскерден оралған соң жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отыр.

Шара барысында Ұлттық ұлан әскери институтының құрметті қарауыл ротасы және әскери оркестрі өнер көрсетіп, курсанттар жиналғандар назарына қоян-қолтық күрестің айла-тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар қалалық Мәдениет үйінің әншілері пат-риоттық әндерді орындады.

Айман ӘБЖАПБАРОВА,

облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметінің басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика