САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ СОҢЫ – СЕРГЕЛДЕҢ

Екі ай бұрын танысым келеңсіз жағдайға тап болды. Облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген ол кезекті той өтіп жатқан күні асүйдегі тозығы жеткен плитадан шыққан отқа қолын күйдіріп алады. Күйік алған жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жеткізіледі. Осылайша, бір апта бойы жұмысқа шыға алмайды. Егер ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан жағдайда мейрамханада өндіріс қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпкерден өтемақы өндіріп алуына болар еді. Иә, әсіресе, жастар еңбек шартынсыз жұмыс істеуге келісім беріп жатады. Ал келеңсіз жағдайлар орын алса, олар өздерінің далада қалатынын түсінбейді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 14

СӘЛІМХАННЫҢ АРМАНЫ

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасы үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын маңызды жобалардың біріне айналды. Биылғы байқау былтырғыдай жалпы­халықтық танымалдыққа ие болған тұлғаларды насихаттауға емес, жаңа есімдерді таныстыру мақсатын көздеп отыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 20

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстан мен Ресей XV өңіраралық ынтымақтастық форумының үздік еріктілерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қатысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 12

ӘСКЕРИЛЕРГЕ – АЛҒЫС

Петропавл қаласында өткен XV Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының ойдағыдай өтуіне Ұлттық ұлан әскери институтының жеке құрамы да елеулі үлесін қосты. Халықаралық маңызға ие шара барысында 23 офицер, 15 әскери қызметші және 283 курсант қоғамдық тәртіпті күзетті. Осыған орай күшейтілген режімде қызмет атқарған әскерилерге құрмет көрсетілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 13

НОВОИШИМКАДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртке оранды. Тілсіз жау екі адамның өмірін қиды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 12

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика