- 21 Наурыз 2018
ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ
Берекелі де бақытты шаңырақты көпшілікке үлгі етіп, ұлттық құндылықтарды сақтауға сүбелі үлес қосып жүрген өнегелі отбасылар саны жыл сайын қалыңдай түсуде. Осындай жаны жайсаң жандар туралы сөз қозғағанда, Сағындықовтар әулетін атап өтпесе болмайды.
- 15 Наурыз 2018
БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚ
Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде “Оқырманның жүрек сыры” айдарымен жарық көрген мақалалардың біреуін қалт жібермей оқимын. Сан түрлі кейіпкерлердің тағдыры әр қилы. Санаға қозғау салатын оқиғалар, қоғамда болып жатқан құбылыстар, өмір өрнектері оқырман қауымға әсерлі жеткізіледі. Газеттің №23 санында (22.02.2018 жыл) жарық көрген “Өмір заңы қатал” атты мақаладағы жалғызбасты ана Гүлнәз Жансаринаның жүрек сыры маған ерекше әсер етті.
- 13 Наурыз 2018
АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ
Бір кездері баспанаға қол жеткізу арман болатын. Ал бүгінгі таңда Елбасының сындарлы саясаты арқасында халық баспаналы болу үшін барлық жағдай жасалуда.
- 15 Наурыз 2018
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
Қазақта “Ананың тілегі алты молданың дұғасынан да күшті” деген сөз бар. Расында да, сәбиі үшін отқа да, суға да түсуге даяр ана мейірімі шексіз. Қанша жасқа келсе де баласы үшін құрақ ұшып, бір сәтке де тыным таппайтын әзиз аналарымыз бар біз – бақытты ұрпақпыз. Оларға мың тағзым. Отбасына ғана емес, айналасына шуақ шашқан асыл жандардың әрқайсысы құрметке лайық. Сондықтан да әйел-ана қоғамның тірегі деп бекер айтылмаған. Айналасын нұрға бөлеген жанның бірі – Күлзира Үкиенова.
- 13 Наурыз 2018
ТҮЛЕКТЕРГЕ ДАҢҒЫЛ ЖОЛ
Қазақстанда техникалық бағыттағы мамандарға сұраныс артып отыр. Мен биыл дарынды балаларға мамандандырылған облыстық “ЛОРД” мектеп-лицей-интернатын бітіремін. Алдағы мақсатым – Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірінде білім алу. Сондықтан жоғары білім беру жүйесіне қатысты жаңалықтарға құлағым түрік.