ЖАС АНАЛАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ

Сәбидің аман-есен өмірге келуі – ана үшін үлкен қуаныш. Осындай бақытты сәтте туған-туыстарыңмен қатар мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілсе, қуаныш еселене түседі. 10 қаңтар күні нәрестелі болған Тайынша қаласының тұрғыны Марина Гаврюшева “Электронды үкімет” порталынан құттықтау хабарлама алған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 14

ИЕСІЗ ҚАЛСА — ЖЕР ЖЕТІМ

Жамбыл ауданындағы Орталық ауылының тумасы, бүгінде Петропавлда тұрып жатқан Сәркен Мүтәлапұлы ауылдастырының өтініші бойынша редакциямызға хат жолдапты. Сексенге келген қарияның қолына қалам ұстауына себеп болған жалғыз мәселе – Орталық ауылындағы екі қабатты ғимараты Орман бастауыш мектебінің жабылып қалуы.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 39

ОТАН ОТТАН ДА ЫСТЫҚ

1992 жылдың 10 қаңтарында Президент Жарлығымен тәуелсіз мемлекетімізде Қарулы Күштер арасында алғаш болып Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз егемендік алған күннен бастап қоғамдық қауіпсіздікті күзетуді маңызды міндеттердің бірі етіп бекітті. “Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айы­ры­лып, егемендігіміздің негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолы­мыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ”, – деген болатын Елбасы.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 42

“ҚЫЗЫЛОЙ” – ІЗДЕУСІЗ ҚАЛҒАН ТАҒДЫРЛАР

Былтырғы жылдың тамыз айының соңында Жамбыл ауданындағы туған ауылыма бара жатып, жолдағы Петровкаға ат басын бұрып едім. Мақсатым – осында тұратын Мәнту Қоңқаевқа сәлем беріп, ақсақалдың хал-жағдайын білу. Қазақы жолмен келгенде, құда болатын Мәнту Көпенұлы – өткеннен тоқығаны көп, өлке жұртының шежіресіне жетіктігімен көпке белгілі азамат.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 37

ШЫРҚЫ БҰЗЫЛҒАН “ҚАЛТА ШОУ”

Көрген көзде жазық жоқ. Жақында бір тойда болдым. “Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боласың” демекші, мен де айтылған күні, белгіленген уақытында той дастарқанынан табылдым. Жиналған қауымның да қарасы көп.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 47

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.