Бұлақтың көзін ашты

Халқымызда “Жақсы ұстаз өзіңнің туған әке-шешеңдей” деген сөз бар. Осы сөздің шындығына өзімнің көзім жетті. Екінші анаңдай болған ұстазың сенің сырлас құрбың да, ақыл беруші әпкең де бола алады. Қызымның алғашқы ұстазы Зинагүл Сағындықова бізге осы қасиеттерімен ерекше ыстық. Қызымыз денсаулығына байланысты үйде оқыса да, көпті көрген ұстаз Зинагүл Ермұханқызы оны қолынан жетектеп: “Зәмзагүл үздік оқушы болады”, – деп сендіріп, басынан сипап қызымның өмірге деген құлшынысын арттырды. Ақылын айта отырып, мектептегі барлық іс-шараларға қатыстырып, ерекше дарынды бала екенін байқата білді. Бүгінде Зәмзагүлдің ізденімпаздығы, оқуға деген ынтасы, бойындағы өжеттігі, барлығы осы ұстазынан дарыған деп білеміз. 35 жыл бойы білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан абыройлы ұстаз Зинагүл Ермұханқызының алдынан әлі де талай білімді шәкірт ұшатынына сеніміміз кәміл.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 33

Игілікті істердің ұйытқысы

“Қазсушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының “Есіл су” филиалында 2007 жылдың бірінші қазанында бастауыш ардагерлер ұйымы құрылған болатын. Оның 10 жылдық мерекесіне орай кәсіпорында ардагерлер ұйымының жөндеуден өткен үш бөлмелі мұражайы ашылып, жұртшылыққа таныстырылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 30

ЖАРҒАЙЫҢНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Бала кезімізде қарттардың аузынан “Ауыл – алтын бесік” деген сөзді жиі еститінбіз. Есейе келе ауылдан шыққан азамат үшін бұл сөздердің мағынасы терең екеніне көз жеткіздік. Бүгіндері ірі шаһарларда, аудан және облыс орталықтарында тұрғанымызбен, көбіміз ауылда туып-өсіп, ержеттік қой.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 49

САҒЫ СЫНБАҒАН САРБАЗ

Жамбыл ауданында Бәри деген молда өмір сүрген. Ол кісімен етене араласқандар, оның ішінде өз әкем де: “Жастайынан екі көзінен айырылса да, еңбекқор, адал, есте сақтау қабілеті өте зор, күш-қуаты мол, жаңалыққа құштар, көп білуге ұмтылу қасиеттері жоғары адам болды”, – дейтұғын. Әлі де ол кісі жайлы жақсы сөздерді жиі естимін. Демек, Бәри молда көзі көрмесе де, көкірегі ояу жандардың бірі болған. Студент шағымда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде еңбек етіп жүрген профессор, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Александр Никифоров дәріс оқығанда білімділігіне таңданушы едім. Кейін ол кісінің жас кезінде қос жанарынан айырылғанын естігенде: “Баспалдағы көп оқу корпустарының ішінде қалай жүріп-тұрады?” – деген ой мазалағаны бар. Бірақ зағиптығына қарамастан, ғылымның шыңына жеткен жан үшін баспалдақ деген не тәйірі?! Ол мен танитын көкірек көзі ояу екінші адам еді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 36

АЛТЫН ЖҮРЕК

Бала жүрегіне ақылмен жол таба білген асыл аналардың әрқайсысының орны ерекше. Ал енді өз балаларымен қатар, қатал тағдырдың жазуымен тумай жатып тастанды атанған бөбектерді бауырына басып, мейіріміне бөлей білген жомарт жандар ерекше құрметке лайық екені сөзсіз. Осындай өзгеше, тіпті, аңыз адамдардың бірі емес, бірегейі болып табылатын Қазақстандағы ең көпбалалы ана, жерлесіміз – Тұяқ Есқожина. Дарқан жүрек ана он жеті жылда жеті жүздей баланы бауырына басқан. Қиындыққа құрыштай шыныға білген Тұяқ апаның еңбегі еш кеткен жоқ. Оның бірінші дәлелі – бүгінде өсіп-өнген ұл-қыздары болса, екіншісі – кеудесіндегі санасаң саусақ жетпейтін орден, медаль, төсбелгілері.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.