ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖЕМІСІ

Облыс орталығында тұрғызылып жатқан зәулім ғимараттар, тұрғын үйлер мен түрлі мекемелер қаламыздың көркін аша түсуде. Егемендіктің арқасында еліміздегі үздік жоғары оқу орындарында немесе шетелде сапалы білім алған жастардың дені жеке кәсібін ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр.

Мен Елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін менеджер мамандығы бойынша тамамдадым. Осыдан тоғыз жыл бұрын құрылған “Restoration” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне директорлыққа тағайындалдым. Серіктестігіміз қоғамдық тамақтандырумен айналысады. Бұл – біздің отбасылық кәсібіміз. Одан бөлек 10 жылға жуық уақыт қала тұрғындарына қолжетімді бағаға тәтті тағам ұсынып отырған “Айналайын” атты асханамыз да жұмыс істеп тұр. Ісімізді кеңейту мақсатында былтыр облыс орталығындағы Әуезов көшесінің бойынан “Алтын орда” мейрамханасын аштық. Бағымызға орай, мейрамхананың аяқ алысы жаман болған жоқ. Түрлі жиындардан бастап, үлкен тойларға дейін ұйымдастырамыз, келушілер де дән риза. Болашаққа бірқатар жоспарлар құрып, жүзеге асыруға кірісіп те кеттік. Мәселен, “Алтын орда” мейрамханасының жанынан қонақүйдің құрылысын аяқтап, келесі жылы ашсақ деген ойымыз бар.

Бүгінде бейбіт елде ісіміз өрге домалап, табысты кәсіпкер атанып отырғанымыз, жеткен әр жетістігіміз – тәуелсіздігіміздің арқасы, азаттықтың жемісі екенін түсініп, бағалағанымыз жөн.

Данияр КАЛГАЕВ,

“Restoration” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика