БАҚЫТ МЕКЕНІ

Әрбір мамандық өзінше тартымды, ерекше, қажетті болып саналады. Мәселен, ұстаздар балаларды білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие беріп қуантса, дәрігерлер сырқаттарға ем-дом шараларын жүргізіп, алғыстарына бөленеді. Басқа мамандық иелері де солай, ел игіліне асатын істерімен танылуда.

Біздің “Альфа-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіміз көп жылдардан бері құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді. Еліміздің көркейіп, қарыштап дамуы – құрылыс жұмыстарының қандай дәрежеде атқарылып жатқандығынан көрініс табатындығы белгілі. Оған бір мысал, ару Астанамыздың бүгінгі таңғалдырар тамаша келбеті. Біздің қаламызда да соңғы жылдары құрылыс жұмыстары өріс ала түсуде. Құрылыс фирмаларының қатарында біздің ұжым да өз жұмысын жылдан-жылға ширата түсуде. Көбіне тұрғын үй құрылысын жүргізумен айналасындықтан, тұрғындарымыздың баспана алу бақытына ие болуларына қолдан келер үлесімізді қосып келеміз. Мәселен, өткен қараша айында ғана “Береке” шағынауданында 75 пәтерлік бес қабатты тұрғын үйді тапсырдық.

Бүгінде серіктестігіміздің құрыш қолды құрылысшылары 19-шы шағынаудандағы Жуков көшесінде салынып жатқан 100 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін өндірте жұмыс істеп жатыр. Оның іргетасы өткен жылдың желтоқсан айында қаланған болатын. Ал біз осы үйден пәтер алатындарға қуаныш сыйлайтын мерзімді асыға күтудеміз. Тағы бір бригадамыз бүгінгі күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда елді мекендерге су құбырын тартумен айналысуда. Біздің осынау табыс биігінен көріне атқарып жатқан еңбегімізді Тәуелсіздік мерекесіне лайықты тарту деп білеміз.

Андрей КАПУСТИН,

“Альфа-Север” ЖШС-нің директоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика