ТІЛ БІЛГІРІ

Мен қатардағы мұғалімдердің бірімін, сондықтан алдымда отырған шәкірттеріме мемлекеттік тіл – заман талабы, оның болашақтағы маңызы зор екенін әрдайым айтып отырамын. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді аса қызығушылықпен, ынтамен талаптана үйреніп жүрген жастарымыздың саны артып келеді. Бұған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өзге ұлт өкілдерінің балалары арасында өткізілген олимпиадада көзім жетті.

Тілге ең жүйрік деп танылған Новоишим №1 орта мектебінің оқушылары Иван Федоров, Ангелина Лопатина және Нежинка орта мектебінің оқушысы Анжела Кудина ауданның намысын облыс көлемінде қорғайтын болды. Көптің арасынан сытылып шығып, өздерінің білімін, қабілетін ортаға салып ерекшеленген басқа оқушылардың қабілетін ескеріп, назардан тыс қалдырмауға тырыстық.

Бақтыгүл НҰРТАЗИНА,

Пески орта

мектебінің мұғалімі.

 

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика