ОРМАННАН ТАПТЫ

Осыдан бірнеше күн бұрын облыс орталығындағы Жуков көшесінде тұратын Александр Смирнов есімді азамат үйінен кеткеннен, қайта оралмаған. 22 жастағы азаматтың туыстары полицияға хабар беріп, оны іздестіруге Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы мен ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелері жұмылдырылған болатын. Іздестіру жұмыстарының бесінші күні Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалған жігіттің мүрдесін орманнан тапты. Дегенмен, зорлық-зомбылық белгілері табылмады, сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріс барысында анықталатын болады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.  

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 9

АДАСҚАНДАР ТАБЫЛДЫ

Өткен демалыс күндері өңіріміздің тәртіп сақшылары Уәлиханов ауданының ен даласында адасып кеткен ресейлік азаматтарды іздеді. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Степногорскіден Ресейдің Омбы қаласына бет алған ерлі-зайыптылардың жоғалғаны туралы әйелдің әкесі хабарлаған. Жұма күні Омбыға жетуі тиіс қызы мен күйеу баласынан еш хабар ала алмаған Владимир Полтавец бір тәулік бойы жоғалғандарды өзі іздеген көрінеді. Ақыры күйеу баласы тізгіндеген “Nissan” автокөлігінің шекарадан өтпегенін білген ол өңіріміздің тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 29

МЕКТЕПТЕН ОРАЛМАДЫ

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде облыс орталығының Жұмысшы кентіндегі №27 мектептің оқушысының жоғалғаны жайында ақпарат тараған болатын. Сәрсенбі күні сағат 15-тер шамасында мектептен шығып, уақытында үйіне оралмаған қыздың туған-туысқандары әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратса, тәртіп сақшылары іздестіру шараларын бастаған еді. Араға бір күн салып өрімдей қыздың мәйіті табылды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

“Қызылжар-Ақпарат”.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 63

Ескерту!

Құрметті солтүстікқазақстандар!

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының мәліметтеріне сәйкес, бүгін облыс аумағында оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23 метрге дейін жететін жел соғады. Кей жерлерде сырғыма жүріп, көктайғақ, тұман болады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 61

АСЫҒЫСТЫҚ ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ

Жыл басынан бері өңіріміздің су айдындарында балық аулау кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жеті адам көз жұмды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 54

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.