ҮЗІЛГЕН ҮМІТ

Осыдан үш жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Еркебұлан Стабаевтың мәйіті табылды.

Естеріңізде болса, 2014 жылы ол студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу үшін Ивановка ауылына жақын “Мирас” студенттік оқу-жаттығу лагеріне барған күні жоғалып кеткен болатын. 38 жастағы мұғалім кешкі астан кейін Есіл өзені жаққа серуендеуге кетіп, қайтып оралмаған. Осы күнге дейін тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, еріктілердің, туыстарының іздеу шаралары еш нәтиже бермей келді.

Жуырда Қызылжар ауданының Новокаменка ауылының тұрғындары Есіл өзенінің жағасынан ер адамның мәйітін тапты. Молекулярлы-генетикалық сараптама оның Еркебұлан Стабаевтың мәйіті екенін растады.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.