АПАТ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Осыдан екі күн бұрын таңғы сағат 4.00-де Петропавл қаласындағы Гоголь көшесі, 13-үй мекенжайында екі метр тереңдікте жатқан құбыр жарылған болатын. Апаттық жағдай орын алған жерге “Қызылжар су” ЖШС-нің он шақты техникасы мен жиырма маманы жұмылдырылды. Жарылған құбыр сол күнгі кешкі сағат 21-де қалпына келтірілді.

“Қызылжар су” ЖШС-нің бас инженері Сергей Визеровтың айтуынша, апат қаладағы №6 су таратқыштың бірінде болған. Шаһардың орталық көшелері мен темір жол вокзалы аумағына 1969 жылы тартылған бұл құбыр “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында жаңартылған еді. Екі жыл кепілдік мерзімі өтпей жатып, пластикалық құбыр сыр берген.

Сол күні 15 көпқабатты тұрғын үйге, облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығына, мектеп және облыстық ішкі істер департаментінің ғимараттарына су беру тоқтатылды.

Кәсіпорынның техникалық директоры Арман Сауытов жертөлесіне су кіріп, картоп, пияз, сәбіз өнімдері бүлінген тұрғындардың шығынын мекеме өтейтінін хабарлады. Сондай-ақ, баспанасына зақым келген екі үйдің иелеріне өтемақы төленетін болды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика