МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Өткен аптада соққан дүлей боран кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен Уәлиханов ауданындағы Береке ауылы тұрғынының мүрдесі табылды.

12 қаңтар күні 20 жастағы жас мұғалім мектептен шығып, үйіне оралмаған. Оны полицейлер, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бір тәуліктен аса іздеген. Жол-жөнекей ауылдасының үйіне соққан ол ақтүтек боранның басылуын күтпей, көшеге шығып кеткен.

– Іздеу топтары жақын маңдағы ауылдарды да, даланы да аралап шықты. Ақмола облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне де хабарлама жіберілді. Ақыры мұғалімнің мәйіті ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, – дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Нұрбек Баекин.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика