ҚОЙМАДАҒЫ ӨРТ

Облыс орталығындағы Бостандық көшесі бойында орналасқан екі қабатты қойма отқа оранды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Евгений Журавлёв өрт оқиғасы жайлы хабар ведомствоға 1 ақпан күні сағат 22.47-де келіп түскенін айтты.

– Оқиға орнына департаменттің “Өрт сөндіру қызметі және құтқару жұмыстары” басқармасының 20 қызметкері жедел жетіп, 6 арнайы техниканың көмегімен жалынды ауыздықтады. Жалпы 60 шаршы метр ауданға жайылған тілсіз жау азық-түлік пен киімдерді жойды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деді Евгений Николаевич.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика