ОТҚА ОРАНДЫ

Петропавл қаласындағы Жамбыл көшесінде орналасқан “Кристалл” ойын-сауық кешенінде өрт шықты. Оқиға орнына 6 минуттың ішінде жеткен өртсөндірушілер дәмхананың ішіндегі 10 адамды тез арада қауіпсіз жерге жеткізді.

Кешендегі өртті сөндіруге №1, 2, 3 және 4 өрт бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылып, 16 арнайы техника тартылды. Қызыл жалын ғимарат шатырының 30 шаршы метрі және қабаттардың аралықтарын жалмап, 150 шаршы метр жерді зақымдады. Құтқарушылардың жедел әрі жіті қимылдарының арқасында өрт уақтылы өшірілді. Бастысы, зардап шеккендер жоқ.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика