БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ

Өткен сенбі, 21 сәуір күні сағат 15-те Петропавл қаласындағы Орал көшесінде орналасқан екі қабатты сегіз пәтерлік тұрғын үйдің қабырғасы опырылып құлап түсті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар оқиға орнынан сегіз адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

Төтенше оқиға орнында болған Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтің айтуынша, 1954 жылы шлакты блоктан тұрғызылған нысан осыдан төрт жыл бұрын кешенді зерттеулердің нәтижесінде апаттық үй ретінде танылған. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұнда үш отбасындағы 13 адам тұрып келген. Ал қажетті құжаттарын рәсімдеген үш отбасы қала әкімдігінде пәтер кезегіне тұрған.

Бүгіндері қала әкімдігінен көмек сұраған үш отбасы уақытша баспаналарға орналастырылды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика