ТӨРТ КҮННЕН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

Газетіміздің 12 маусым күнгі санында “Абайсызда ажал құшты” деген тақырыппен Қызылжар ауданының Новоникольск ауылында 7 жастағы ер баланың Есіл өзенінен өтетін қалқыма көпірде ойнап жүріп, қайғылы жағдайға душар болғаны жайлы жазған болатынбыз. Оқиға орын алған сәттен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің екі топқа бөлінген сүңгуірлері тынымсыз іздеу шараларын жүргізді. Оған ауыл тұрғындарынан жасақталған еріктілер, полиция қызметкерлері де бір кісідей жұмылды.

Жас баланың өлі денесі 16 маусым, сенбі күні аталған ауылдан 10 километр жерде өзеннің бойынан табылды.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика