ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНЕ ШАБУЫЛ

Петропавл қаласындағы жанармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.

Қылмыскер бекеттің терезесін сындырып, сол күні түскен ақшаны есептеп отырған қызметкерге тап берген. Келтірген залал 500 мың теңгені құрады. Бекеттің қызметкері дене жарақаттарын алған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол Петропавл қаласының бұған дейін де мүліктік қылмыс үшін сотталған тұрғыны болып шықты. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмысқа қатысы дәлелденсе, күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыста 72 тонау фактісі орын алып, соның 65-і ашылған.

 Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика