ҮШ АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Облыс орталығында құтқарушылар бір күнде суға батып кете жаздаған үш адамды құтқарып қалды.

Күннің ыстық болуына байланысты жағажайға шомылуға баратын адамдардың саны да күрт артты. Осы кезде құтқарушылар үшін де жұмыс көбейеді.

Судан құтқарылғандар арасында “Пестрое” көлінде катамаранмен жүзіп жүрген 17 жастағы екі жасөспірім бар. Құтқарушылар оларға жағажайдан алысқа жүзуге болмайтынын айтып, алдын ала қатаң ескерткен. Алайда, көлдің орта тұсына кеткен жастардың катамаранынан техникалық ақау шығып, олар жағаға жете алмай қалған.

Қаладағы жағажайда 40 жастағы ер адам тыйым салынған жерге өтіп кеткен. Сіңірі тартылып қалған азамат көмек шақырған. Құтқарушылар оны жағажайға жеткізіп, медициналық көмек көрсеткен екен.

Жыл басынан бері құтқарушылар суға ағып бара жатқан 32 адамды құтқарса, соның 17-сі – бала.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика