ҚҰНДЫ ОЛЖА

Облыс орталығының тұрғыны Александр Ремшов балық аулау кезінде тауып алған мамонт сүйектерін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына өткізді.

Мұражайдың табиғат бөлімінің ғылыми қызметкері Максим Сорочинскийдің айтуынша, қала тұрғынының тапқан олжасы – ірі мамонттың ортан жілігі мен мойын омыртқасы. Қазір ол зерттелуде.

– Табылған мамонт сүйектері біздің өңірге тиесілі. Соңғы сүйектер осыдан екі жыл бұрын Тайынша ауданы Зеленый Гай ауылының маңынан табылған. Әдетте, сүйектерді жағалаудың опырылған жерлерінен тауып жатады, – деді Максим Сорочинский.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында соңғы мамонттар 11 мың жыл бұрын тіршілік еткен.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика