ӨЛІМНЕН ҚАЙМЫҚПАҒАН ӨЖЕТ ЖАН

Өзгенің өмірін құтқару үшін өз өмірін қиған жерлесіміз Таңат Смағұловты кеше туған-туысқандары, достары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды.

Черногорияда демалып жүрген Таңат Смағұлов үш адамды ажал аузынан құтқарып қалғанын бұқаралық ақпарат құралдары демалыс күндері жарыса жазды. Қайғылы оқиға Ульцин қаласында орын алды. Суға батып бара жатқан екі әйел мен бір баланы теңіздің жағалауына аман-есен алып шыққан. Бірақ төртінші адамды құтқаруға асыққан азамат өзі суға батып кетті. Туған ағасы Қазыбек Смағұловтың айтуынша, ол қайырымды әрі батыл жан болған.

– Біз Таңатты батыр деп есептейміз. Адам өмірін құтқару – ерлік. Өзінің басына қатер төніп тұрса да, ол басқа адамды ажалдан арашалауға асықты, – деді Таңат Смағұловпен қоштасуға келген ауылдасы Жапар Төлегенов. Таңат Смағұловтың денесі туған жері – Жамбыл ауданының Амангелді ауылына қойылды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика