ЫРЫҚ БЕРМЕЙ ТҰР

Жыл басынан бері облыс бойынша 30 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15 пайызға артық. Егер былтыр от ортасында қалған бір адам мерт болса, үстіміздегі жылы жарты айдың ішінде жеті адам ажал құшқан.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 143

МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Өткен аптада соққан дүлей боран кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен Уәлиханов ауданындағы Береке ауылы тұрғынының мүрдесі табылды.

12 қаңтар күні 20 жастағы жас мұғалім мектептен шығып, үйіне оралмаған. Оны полицейлер, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бір тәуліктен аса іздеген. Жол-жөнекей ауылдасының үйіне соққан ол ақтүтек боранның басылуын күтпей, көшеге шығып кеткен.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 154

ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚАУІП МОЛ

Бұрнағы күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен жаңажылдық мереке күндері өңір аумағында орын алған төтенше оқиғалар туралы айтып берді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 111

АПАТ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Осыдан екі күн бұрын таңғы сағат 4.00-де Петропавл қаласындағы Гоголь көшесі, 13-үй мекенжайында екі метр тереңдікте жатқан құбыр жарылған болатын. Апаттық жағдай орын алған жерге “Қызылжар су” ЖШС-нің он шақты техникасы мен жиырма маманы жұмылдырылды. Жарылған құбыр сол күнгі кешкі сағат 21-де қалпына келтірілді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 114

ЕСКЕРТУ

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының ақпараты бойынша 27 желтоқсан күні облыс аумағында батыс, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20  метр  жел соғады. Кей  жерлерде желдің екпіні 23-28  метрге дейін жетеді деп күтілуде. Боран, көктайғақ болуы ықтимал.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 127

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика