ТАБЫС ҚАДАМДАРЫ

Педагог алдына қойған мақсатқа жету үшін шығармашылықпен жұмыс істеп, педагогикалық құзыреттілігін дамытуы қажет. Жас маманның кәсіби қалыптасуы жолында әр тәлімгер ұстаз мына қадамдарды есте ұстағаны жөн.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 23

ҮЙРЕТУДЕН ЖАЛЫҚПАЙМЫН

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдап, оны ұтымды пайдалану. Менің өз әдісім – ізденіс, ізденіске жұмылдыру, күрделі тапсырмаларды шешуге талаптандыру. Шәкірттерді берілген тапсырмаларды қызыға, ынталана орындауға, қиыншылыққа қарсы тұрып, оны жеңе білуге үйрету.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 26

КӘСІП ИГЕРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Биылдан бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім” жобасы іске асырыла бастады. Тегін білім беру, ең алдымен, жұмыссыз жастарды, кәсіби білімі жоқ еңбекке қабілетті азаматтарды қамтуы керек. Осыған қатысты Елбасы: “Егер шеберліктің шыңына жете білсеңіздер – мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен адамның өмір сапасы озады, тұрмысы жақсы болады. Ең ақыры бүгінгі жасап жатқан жақсылықтарымыздың барлығы – жастар болашағы үшін”, – деген болатын.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 26

Ұрпақ сабақтастығы

Ұстаз бұлақ секілді, айналасына қуат беріп тұрады. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздардың алдынан талай мамандық иесі үлкен өмірге қанат қағады. Десек те, жылдан-жылға түлектердің мұғалім мамандығын таңдауы азайып бара жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз мектебіміздің дарынды түлектерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жетпей жатқан пән мұғалімдерінің орнын басуға шақырамыз. Ата-анасымен сөйлесеміз. Бұл жұмысымыз өз нәтижесін беріп келеді. Мәселен, информатика (Арман Қабдөшев), география (Алмаз Жұмабек), тарих (Гүлназым Мұқашева), алғашқы әскери дайындық (Дархан Қоспанов), математика (Әсем Майсатаева) пәндерінің мұғалімдері – кешегі өз түлектеріміз. Олар жоғары оқу орнын тамамдағаннан кейін білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебіне оралып, бүгінде өзімізбен иық тірестіре еңбек етіп жүр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 29

РЕФОРМАНЫҢ “ТОМПАҚ ТҰСТАРЫ”

Соңғы кезде ата-аналардың еліміздің Білім және ғылым министрлігіне деген өкпелері қара қазандай. Олардың айтуынша, министрліктегілер оқушыларды аталмыш жүйенің түрлі реформаларын сынауға арналған “құралға”, ал мектептерді “эксперимент алаңына” айналдырып алған. Жаңаша оқытудың алты жастағы бүлдіршінге тым ауырлығы, үштілділіктің қиындығы, оны озық технологиямен оқытатын білікті мұғалімдердің аздығы, тағы басқа да мәселелер туралы баласы бірінші сыныпқа баратын кез келген ата-ананың немесе оларға сабақ беретін мұғалімнің аузынан естуге болады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 30

Тағы мақалалар...

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.