ҚОЛДАУ ТАУЫП, ҚУАНДЫҚ

Ана мен бала – қоғам байлығы. Осы жағынан алғанда бүгінгі таңда егемен елімізде көпбалалы аналарды қолдау үшін барлық жағдай жасалуда. Мен өзім алтын құрсақты аналардың жолын жалғастырып келе жатқан қарапайым қазақ әйелімін. Құдай қосқан жұбайым Жұмақабыл Мұса екеуіміз – бес бала тәрбиелеп, оларды өсіріп, жеткізуге барымызды салып отырған ата-анамыз.

Дана қазағымыз “Баланың тұңғышы – ыстық, кенжесі – тәтті” деп текке айтпаған. Баға жетпес байлыққа теңеген ұл-қыздарымыздың әрқайсысының орны бөлек. Өміріңнің мәні мен сәніне айналып, қиналғанда күш-қуат беріп, ержетіп келе жатқан балаларыңның жанарынан шаттық пен бақыттың жылы лебін сезгенде ана жүрек қалай ғана қуанбасын?!.

Қандай ата-ана болса да, ұрпағының жарқын болашағын ойлап, осы жолда дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Осы жағынан алғанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталы ғы – Новоишимка ауылына көшіп келгеніміз отбасылық өміріміздегі сәтті қадамдардың бірі болды деп анық айта аламыз. Бұған дейін біз Алматы облысының Сарқан қаласында тұрдық. Жаңа жерді жатсынған жоқпыз. Аудан тұрғындары бізді құшақ жая қарсы алды. Барлық жағынан қолдау көрсетіп, қол ұшын созған аудан азаматтарына шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз.

Көпбалалы отбасы ретінде үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болып, қуанышымыз еселене түсті. Бала базарына айналған баспанамыз жайлы, жылы әрі жарық. Түсіне білген адам үшін осының өзі – бір ғанибет.

Ұл-қыздарымыздың ақылшысы, қамқоршысы бола білген отағасы – ағаш шебері. Мен де үй шаруасы, бала тәрбиесімен шектеліп қалған жоқпын. Бүгінгі таңда аудан орталығындағы өнер мектебінде қобыз сабағынан дәріс беремін.

Көз қуанышымыз болған балаларымыздың үлкендері Новоишимка қазақ орта мектебінде білім алып жүрсе, кенжеміз – шағын орталықтың тәрбиеленушісі. Жұбайым екеуіміздің ендігі мақсатымыз – абыроймен еңбек етіп, балаларымызды толыққанды азамат етіп тәрбиелеу.

Амангелді ДӘРІПҚАНҚЫЗЫ,

көпбалалы ана.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика