ЕСІМІҢ КІМ, БАЛАҚАЙ?

Өмірде бауыр етің баладан артық жан бар ма? Әр отбасы үшін нәрестенің дүниеге келуі – зор қуаныш. Ата-ана есім берерде – әдетте, көп толғанып, баланың ертең сол атына сай болуын, көңілінен шығуын қалайды. Өткен жылы дүние есігін ашып, қатарымызды толықтырған жас солтүстікқазақстандықтар арасында кең тараған есімдер қандай екен?

Былтыр облысымыз бойынша туған нәрестелер саны 7 мыңнан асыпты. Облыстық әділет департаменті АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша, былтыр туған қыз балалар арасындағы кең тараған есімдер көшбасында Айзере мен Малика тұрса, ұлдарға Әлихан мен Нұрдәулет деген есімдер көп беріліпті. Соңғы кезде ата-аналар сирек кездесетін есімдерден гөрі, ұрпақтарына сәнге айналған аттарды қойғанды қалайды. Қазіргі кезде қазақ балаларының арасында Әнел, Жанел, Айнель, Адель, Айлин, Айзере, Зере, Нұрислам, Ислам, Ерасыл, Нұрасыл, Айсұлтан, Ерсұлтан, Сұлтан сынды есімдер жиі кездеседі.

Қалалық АХАТ бөлімі мамандарының айтуынша, былтыр берілген ерекше әрі сирек есімдер Сардар мен Тахмина екен. Орыс балалары арасында Герда, Тиона, Тея, Александрия, тіпті, Весна деген есімдерге ие болғандар бар.

Былтыр жергілікті АХАТ бөлімінің тарихында ерекше бір оқиға тіркеліпті. 81 жастағы жұп ерлі-зайыпты атанып, өздерін де айналасындағыларды да қуанышқа бөлепті. Ал тайыншалық отбасының 15-ші нәрестесі дүние есігін ашыпты.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика