ЖҮРЕГІМДІ ЖЫЛЫТТЫ

Мен әке-шешемнен ерте айрылдым. Ес білгелі әжеммен бірге тұрамын. Әбден тозығы жеткен баспанамызды үй деп айтудың өзі қиын. Бірақ басқа амалымыз болмаған соң, қолдан келгенше жөндеп, осы жерде тұруға мәжбүрміз.

Биылғы қыс біз үшін өте қиын болды. Саршұнақ аяз күндері отын-көміріміз таусылып, оны сатып алуға ақшамыз болмай қалды. Осындай қиналған сәтте көршілеріміздің бірі “Біз басқалармен бірдейміз!” деп аталатын облыстық мүгедектер бірлестігіне хабарласып, жағдайымызды айтыпты. Олардың өкілімен екінші күні кездесіп, барлық мән-жайымды айтып бердім. Бірлестіктен келген жігіт мені ден қоя тыңдап, кейін жомарт жандардан әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, хабар таратты.

Екінші күні таңғы сағат сегізден келген адамдардың легі үш күнге созылды. Қолы ашық жандар екі кішкентай балама киім-кешек, ойыншық, азық-түлік әкеліп берді. Сонымен қатар үш көлік отын, 5-6 тонна көмір сатып әперді.

Германияда тұратын Катрина атты жерлесіміз хабарласып, балаларым кәмелеттік жасқа толғанша, оларды киім-кешекпен, қажетті қаражатпен қамтамасыз етіп тұрғысы келетінін айтты. Соңғы он жыл бойы қайырымдылықпен айналысып жүрген мейірімді әйел жылына төрт мезгіл отбасымызға Германиядан сәлемдеме салып жіберетін болды. Оның алғашқысын осыдан бірнеше күн бұрын алып, қуанышқа бөлендік. Америкадан телефон соққан тағы бір мейірімді жан ұлымды балабақшаға орналастырған соң, бір жылғы ақшасын өзі төлеп беруге дайын екенін айтты.

Бұдан басқа да көмек қолын ұсынып жатқан тұрғындар көп. Уақытша баспана тауып бергендер де бар. Олардың барлығына алғысымды білдіргім келеді.

Екатерина МИХАЙЛОВА.

Петропавл қаласы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика