ҚАРТТАРДЫ ҚУАНТТЫ

Ата-ананы қадірлеп, оларды алақанға салып аялау, барынша қамқорлық көрсету – әр баланың парызы. Бірақ өкінішке қарай, бұл қағидаттың мәні мен маңыздылығын түсінбейтіндер де кездеседі. Сондай тасбауырлардың кесірінен кейбір қарттар мына өмірге заманауи үлгімен салынған ғимараттардың терезесінен телміруге мәжбүр.

Облыс орталығында орналасқан қарттар үйінің іші де, сырты да әдемі безендірілген. Жылы, жайлы баспанада тағдырлары әрқилы қарттар тұрады. Кәрілік жеңген тұрлаусыз тіршілікте сан сынаққа төзе білген тұрғындардың өмірі бірқалыпты. Көңілдері құлазыса да, сырт көзге сыр бермеуге тырысатын ата-әжелер қоғам назарынан тыс қалған емес. Тағдырдың жазуымен жалғыз қалғандарға мектеп оқушылары жиі қонаққа барып, көңілдерін көтеріп тұрады.

Жақында қарттар үйінде Бірінші гимназияның оқушылары концерт қойып, сыйлықтар үлестірді. Өнерлі балалардың талабына сүйсінген қарттар оларға алғыстарын айтып, ақ тілектерін жеткізді.

– Көңіліміз бір көтеріліп қалды. Оқушыларға үлкен алғыс айтып, денсаулық тілейміз. Әке-шешелерін сыйлап, өскенде оларға қамқор болсын, – дейді Клавдия Соловьева.

Баланы жақсылыққа балап, үлкенге құрметпен, кішіге қамқорлықпен қарауды үйреткен ұстаздардың ұйымдастыруымен өткен акция аясында оқушылар басқа да әлеуметтік мекемелерде болып, ән мен биден шашу шашты. Жыл сайын өткізіліп тұратын жақсылыққа толы кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика