ӘДЕМІЛІК ӘДЕПТІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Әдемі болғысы келмейтін нәзік жан жоқ шығар. Әйелдер де, келіндер де, қыздар да елден ерекше сұлу болғанды қалайды. Сөйтеді де қасты, ерінді, бетті әрлеп, әуреге түседі. Әрине, шектен шықпаса бәрі жарасымды болуы мүмкін. Бірақ бүгінде әйел затының табиғи сұлулықтан алыстап бара жатқаны соншалық, бұлай жалғаса берсе, қазақ қыздары табиғи болмысынан, инабаттылығынан айырылып қала ма деп қорқамын. Мені қынжылтатыны да осы мәселе. Жасанды сұлулық әйелдерді сырт көзге әдемі көрсеткенімен, ол ішкі сұлулықпен үндеспесе қандай пайда? Салон жағалап, желге ақша шашып, әдемілікті сатып алғанша, жан дүниелеріңді әдептілікке, қарапайымдылыққа, мейірімділікке байыта түссеңдер, нұр үстіне нұр болар еді. Жігіттердің сіздердің бойларыңыздан көргісі келетіні де осы қасиеттер. Қайтсек қоғамнан ерекше болып тұрамыз деп жасандылыққа әбден тәуелді болып алған бәзбіреулерге еліктеудің ешбір қажеті жоқ. Ең бастысы – рухани байлық. Қазақ қызы қашанда өзінің нәзіктігімен, кішіпейілділігімен ерекшелене білген. Олай болса, табиғат ананың өзі тарту еткен осындай байлықты жасанды сұлулықпен жауып тастаудың өзі қиянат емес пе?

Өркен САБЫР.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика