ОРАМДЫ СӨЗ – ОЙ КӨРКІ

“Солтүстік Қазақстан” газетінің №36 санында (29.03.2018 ж.). Қызылжар ауданының тұрғыны Жапар Төлегеновтің “Торт орнына шай берсе...” деген мақаласы шықты. Бұл мақалада орамды ой, жақсы ұсыныс айтылған. Автор бүгінгі таңдағы үйлену тойларында орын алып жүрген біраз мәселені қозғаған.

Кейбір үлкен адамдардың жаңа түскен келінді “қызым, доча” деп айтатынын көріп те, естіп те жүрміз. Өз басым мұндайды қолдамаймын. Келіннің де, қыздың да өз орны барын ұмытпау керек.

“Торт кесудің орнына жас келін үлкендер жағына дәмді етіп шайын құйып, үй шаруасындағы өнерін көрсетсе, осы жарасымды емес пе?” – деген ұсыныс та жақсы екен. Осындай қадамдар арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жастардың тәрбиесіне өзіндік үлес қоса аламыз.

Шарғы деген әдемі дәстүріміздің ұмытылып бара жатқаны да шындық. Оны да жастарға үлгі етіп айтып отырғанымыз артық болмайды. Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші, гүлге таласқан қыздардың көрінісі мен ұзатылып бара жатқан әпкесінің кіші сіңлісіне шарғы сыйлағанының қайсысы орынды? Әрине, екіншісі. Өйткені, бұл жерде дәстүріміз дәріптеліп тұр.

Тойда күлдіреміз деп, бүлдіріп жүретін асабалар да аз емес. Мәселен, олардың ортаға тілек айтуға шақырғанда “билеп шығамыз, билеп шығамыз” дейтіндерін өз басым ұната қоймаймын. Жасы үлкен ата-әжелерді, аналар мен әкелерді, ағалар мен жеңгелерді жастардың алдында билетіп қойғанның өзі дұрыс емес.

Автор өз мақаласында немере, жиен мәселесін де дұрыс айтқан. Бұл жерде білмеу немесе шатастырып алу деген ұят нәрсе. Қанның жақындығы деген бар. Оны білу маңызды.

Айнагүл ШОТКИНА.

Шал ақын ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика