ІСМЕРДІҢ БАЙЛЫҒЫ ҚОЛЫНДА

Ине-жіпке икемді, қолөнерді өміріне серік етіп жүрген ісмер жандардың бірі – Мапруза Мамбеталинова. Он саусағынан өнер тамған қария Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылында тұрады. Оймақтының шебері – бүгінгі таңда сексеннің сеңгіріне шыққан ақжаулықты әже.

Қарттыққа аяқ басса да, ою ойып, әшекей жасаумен айналысатын ол ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жастарға өнеге көрсетіп жүр. “Ісмерлік ананың сүтімен, әкенің қанымен бойға дариды” деген тәмсіл тегін айтылмаған болар. Қырағы ана кішкентай кезінен қызының инеге икемі барын байқап, оған іс тігетін машина сыйлаған. Мапруза Нығметқызы сол машинамен іс тігіп, көптің алғысына бөленіп жүр.

Оюдың мән-мағынасын түсіне білетін ісмер маман құрақ көрпе, төр көрпеден бастап, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын бұйымдардың барлығын тігеді.

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп жүрген ол оюмен өрнектеліп, әшекей тастармен безендірілген қыз-келіншектердің сәнді киімдерін заманауи үлгімен ұштастырып тігеді. Ізденімпаздық пен ерекше шығармашылықты талап ететін мұндай қадам қолөнер шеберінің заман ағымынан қалмайтындығын көрсетеді.

Есін білгелі қолынан ине-жібін тастамаған қарияның ұлттық нақыштағы бұйымдары сұранысқа ие. Осының өзі-ақ, тігіншінің қолынан шыққан заттардың сапалы екенінің дәлелі болып табылады.

Сағыныш ОРАЗБЕКОВА.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика